Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні сағат 16:00-18:00 аралығында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында Кедергісіз келешек жобасы аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінің және «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен тұрғындарды ұжымдық қабылдау өткізіледі.

Қандай да бір өтініш, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Шыңғырлау аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

Мекен-жайымыз: Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, №114 а үй.

Байланыс: 8(711) 37 34-100 .

0
0
211

Еще по теме