Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Хабарландыру

2019 жылғы 21 тамыздан 20 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жариялаған, «Жақсарту үшін өзгерту» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты: - көрсетілетін қызметті алушыларды, мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіруге тарту; - мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға халықтың сұранысын арттыру; - ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқылы халықтың билік органдарымен өзара іс-қимыл сапасын арттыру; - мемлекеттік қызметтер саласында бағдарламалық құралдарды құру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыру. Конкурсқа нақты негіздемелерді қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге байланысты (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін, құжаттар пакетін, рәсімдерді қысқарту, үдерісті автоматтандыру және т.б.), сондай-ақ міндетті түрде слайд презентациялар бар жобалар ескеріледі. Конкурсты өткізу нәтижелері бойынша республика деңгейінде одан әрі іске асыру мақсатында үздік жобалар қолданылатын болады. Конкурс жобаларын қорғау Департамент бекіткен кестеге сәйкес конкурс қатысушыларымен жария түрде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін белгіленген тақырыпқа сәйкес материалдарды Департаментке ұсыну қажет. Жұмыспен қатар [email protected] МОИП жұмыстың авторы мен байланыс деректері көрсетілген ақпарат жіберілуі тиіс. Конкурсқа мемлекеттік органдардың, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелердің мемлекеттік, азаматтық қызметшілері, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 21.08.19ж. бастап 20.09.19ж. аралығында жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау: 20.09.19 ж. бастап 20.10.19 ж. дейін. Конкурс нәтижелерін жариялау: 01.11.19 ж. кешіктірмей Жеңімпаздарды марапаттау: 10.11.19 ж. кешіктірмей Объявление С 21 августа по 20 сентября 2019 года стартовал прием заявок для участия в конкурсе «Изменить, чтобы улучшить», объявленном Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области (Далее – Департамент). Целью Конкурса являются: - вовлечение услугополучателей, государственных органов к совершенствованию процессов оказания государственных услуг; - повышение востребованности у населения получения государственных услуг в электронном виде; - повышение качества взаимодействия населения с органами власти посредством информационно-телекоммуникационных технологий; - активизация работы по созданию программных средств и использованию новых информационных технологий в сфере государственных услуг. В Конкурсе учитываются проекты, связанные с совершенствованием процессов оказания государственных услуг (сокращение сроков оказания госуслуг, пакета документов, процедур, автоматизации процесса и т.д.) с приложением конкретных обоснований, а также с обязательным содержанием слайд презентаций. По результатам проведения конкурса будут применены лучшие проекты, в целях их дальнейших реализаций на уровне республики. Защита конкурсных проектов осуществляется участниками конкурса публично, согласно утвержденного Департаментом графика. Для участия в Конкурсе необходимо предоставить в Департамент соответствующие материалы на обозначенную тематику. Параллельно работы должны быть отправлены на ИПГО: [email protected], с указанием автора работы и контактных данных. К участию в конкурсе допускаются государственные, гражданские служащие госорганов, в том числе подведомственных организаций и учреждений, а также сотрудники Государственной корпорации «Правительство для граждан». Прием заявок на Конкурс осуществляется с 21.08.19г. по 20.09.19г. Определение победителей: с 20.09.19г. по 20.10.19г. Объявление результатов Конкурса: не позднее 01.11.19г. Награждение победителей: не позднее 10.11.19г.

0
0
320

Еще по теме

Хабарландыру - Yvision.kz