Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бойынша жұмыстар жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы бойынша мемлекеттік мекемелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізуге бастама жасады. "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ бастаманы қолдай отырып, 2019 жылғы 27 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 408 кабинет мекенжайы бойынша қатысуға ниет білдірген азаматтарды қабылдайды.

0
0
301

Еще по теме

Хабарландыру - Yvision.kz