ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 1.8 - тармағын орындау мақсатында 2017 жылдың қазан айының 5-30 күндері аралығында мәдениет, спорт және ақпарат саласында (БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, БҚО ішкі саясат басқармасы қызметтерінде) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
Осыған орай, жоғарыда аталған басқармалар қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту туралы ұсыныстарыңыз болған жағдайда, 2017 жылдың 25 қазанына дейін [email protected] электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
