Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Хабарландыру

2017 жылы 16 мамырда Қостанай қаласы, Әл-Фараби к-сі, 48 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Март» ойын-сауық орталығының                                      1 қабатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен өткізілетін азаматтарды қабылдау өтеді. Департаменттің мамандары барлық тілек білдірушілерге келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
  1. Зейнетақыны тағайындау тәртібі;
  2. Республикалық бюджет қаражатынан жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
  3. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі;
  4. 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу тәртібі;
  5. Мүгедектікті белгілеу;
  6. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  7. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
  8. Мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру.
Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз!
0
0
332

Еще по теме