Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына 2015/2016 оқу жылына талапкерлерді іріктеп, құжаттарын дайындау жалғасуда.

Болашақта полиция қызметкері боламын деген орта мектептердің 11-сынып оқушыларын, кәсіптік-техникалық мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының бітіруші түлектерін және Қарулы Күштер қатарында болып келген 25 жасқа толмаған талапкерлерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына құжаттарын дайындауға шақырамыз.

Жоғары оқу орындары:

·Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы Академиясы;

·Қарағанды қаласындағы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы;

·Қостанай қаласындағы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Бұл төрт жылдық ЖОО-н бітірген тыңдаушылар «лейтенант» арнаулы атағымен бірге, мына мамандықтардың біреуін игеріп шығады:

·Тергеу және криминалистика;

·жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, жедел-криминалистика;

·ақпараттық-жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникация.

Аталған жоғары оқу орындарын бітірген тыңдаушылар міндетті түрде жұмыспен қамтылады.

Оқу орындарына баруға талап білдіруші үміткерлер (орта мектепті бітіруші түлектер) жоғары көрсетілген «тергеу-криминалистика», «жедел-іздестіру», «әкімшілік-құқықтық», «жедел-криминалистика» мамандықтары бойынша бірыңғай ұлттық тестілеуде бейімдік пән «дүниежүзі тарихы» бесінші пән «математика», ал «ақпараттық-жүйелер» және радиотехника электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша негізгі бесінші пән «физика» бейімдік пән «математика» міндетті түрде таңдауы тиіс. Ал кәсіптік-техникалық мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының және мектепті бұрынғы жылдары бітірген талапкерлер үшін  кешенді тестілеуден Қызылорда қаласындағы оқу орындарының бірінде немесе ҚР ІІМ-нің оқу орнында тапсырады, бұл туралы қосымша хабарланады.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы  ҚР ІІМ М.Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жоғары білімнің кәсіптік бағдарламасы қысқартылған мерзімде жоғары заңгер емес білімі бар азаматтар 25 жасқа толмаған талапкерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аталған жоғары оқу орнына құжаттарын дайындауға шақырамыз. Бұл екі жылдық жоғары оқу орындарын бітірген тыңдаушылар «лейтенант» арнаулы атағымен бірге міндетті түрде толық жұмыспен қамтылады.

Аталған жоғары оқу орындарына қабылданған тыңдаушыларды мемлекет толық қамтамасыз етеді. Атап айтқанда тыңдаушылар жатақханада тұрады, үш уақыт ыстық тамақпен, нысанды киіммен қамтылып, шәкіртақы алатын болады. Оқудың бүкіл 4 /төрт/ жыл кезеңі әскери қызметті өтеуге және 4 /төрт/ жыл оқу кезеңі еңбек өтіліне теңестіріледі.

Қосымша мәліметтерді Қызылорда қаласы, Қорқыт  Ата көшесі,  №18 үй, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Кадр жұмысы басқармасынан  (тел: 29-56-24, 29-56-26) немесе жергілікті аудандық ішкі істер бөлімдерінен алуға болады.

 

Қызылорда ОІІД Кадр жұмысы басқармасы

0
0
420

Еще по теме

ХАБАРЛАНДЫРУ - Yvision.kz