Хабарлама
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары ретінде дәрігерлерді жұмысқа шақырады.
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының мемлекеттік қызметшілері үшін функционалдық міндеттері:
- мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiк тобын, себептерiн белгiлеу үшiн қызмет ететін аумақтардың аурулары мен мүгедектерiне куәландыруды жүргiзу;
- мүгедектерді оңалту бағдарламасын әзірлеу мен түзету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту іс-шараларының түрін, нысанын, мерзімін және көлемін анықтау;
- оңалту іс-шараларының орындалуына үнемі бақылау және динамикалық байқау жүргізу, осы іс-шаралардың тиімділігін анықтау және олардың орындалуының тиімділігіне бақылау жасау;
- мүгедектердi оңалту мен медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлеріне кеңестік көмек көрсету;
- МӘС жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
- мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде халық арасында түсiндiрме жұмыстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізу.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыстың артықшылықтары: тұрақтылық, одан әрі мансаптық мүмкіндік, нормаланған жұмыс кестесі, жыл сайынғы еңбек демалысына шығу кезінде екі лауазымдық еңбекақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлеу, мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігі. Сіздің біліктілігіңізді арттыру мақсатында тұрақты негізде тегін оқыту. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясына магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша түсу және жұмыс орнын сақтай отырып және шәкіртақы төлеумен шетелде «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тегін оқыту мүмкіндігі.
Барлық туындайтын мәселелер бойынша: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов к-сі 34, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ, 408 каб. мекенжайы бойынша жүгіну қажет.
Департаменттің ресми сайты: https://kostanay.enbek.gov.kz/
Медициналық – әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары Шахбутова Әмина Жанзаққызы, тел.: 8(7142) 54-16-10
Персоналды басқару жөніндегі бас маман Қарымсақова Әсел Мендығалиқызы, тел.: 8(7142) 50-02-12, электрондық мекенжайы: [email protected]
