ХҚКО ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА
2020 жылдың 14 ақпан күні «ANTIKOR ORTALYGY»-да Батыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылық құрамымен кездесу өткізілді.
Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Шара соңында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда 1424 Call-орталығының жұмыс жасайтындығын атап өтті.
