ХҚКО НЫСАНЫНА ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен мүгедектерде арналған қызметтің қолжетімділігіне мониторинг жұмысын жүргізу үшін қолданысқа берілген ХҚКО нысанымен танысып қайтты. Жаңа орталықтың жұмыс барысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түлкібас аудандық бөлім басшысының орынбасары Сексенбаев Қанат Абдилазизович таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, Түлкібас ауданында бұрын кең күту залдарымен жасақталған ХҚО болмаған. Міне, бүгінде Түлкібас аудан әкімдігі атынан салынған жаңа ғимаратта Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасып, осында жұмыс істей бастады.
Орталықта 24-ке жуық маман қызмет көрсетеді. Ғимарат заманауи цифрлық қызметтер көрсету орындары, оқу кабинеті, демалыс орындарымен жабдықталған. Енді түлкібастықтар арнайы электронды қызметтерді үйрену үшін ХҚО-ға келу алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Сонымен қатар жаңа ХҚО-да «Цифрлық қызмет көрсету» секторы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған орында бір мезетте 12 адам өз бетінше қызмет ала алады. Ғимарат ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлек қолжетімді орта қалыптастырылған. Халық санының өсетінін ескерсек, мемлекеттік қызметтердің сапалы және ыңғайлы ғимаратта көрсетілуі өте маңызды.
Жаңадан бой көтерген нысанда болып қайтқан Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жұмыстарын жоғары деңгейде бағалап, істеріне сәттілік тіледі.
Жаңа орталық Түркістан облысы , Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов көшесі №175 Б мекенжайында орналасқан. Ол дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді.
