Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевты қолдауға арналған аудандық қоғамдық штаб мүшелері, Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері А.Сағидоллин, Р.Булатова, Ә.Орынбасаров аудандық штабта медицина қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін” атты Сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

#Toqaev2022

0
0
131

Еще по теме