Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

📷📷

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Төлеби ауданына барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған штаб өкілдері алдымен Төлеби ауданы Киелітас елді мекеніндегі «КазахБитум» ЖШС ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

📷📷

Жиынға облыстық штаб мүшелері Шырынбек Оңғаров, Жансерік Жұман, Жандос Әзімбай, Ғалымжан Елшібаев, Даулет Мусаев, Нұрлан Қойбағаров, Қуанышбек Қансейітов, Ханай Әшірбеков қатысып, осыған дейін атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар баяндалды.

📷📷

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы 4 бөлім, 15 бағыт, 132 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Мәселен, алдағы 5 жылда партия өңірімізде 57 жаңа мектеп пен 17 спорт нысанының салынуына, тұрғындарды 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтуға, табиғи газбен қамту көрсеткішін 75 пайыздан асыруға ықпал етеді. Ірі жобаларды іске асырып, 143 мың жұмыс орнын, оның ішінде 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға атсалысамыз», – деді кездесуде сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы.

📷📷

Сондай-ақ, сайлауалды штаб мүшелері аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жарық жол» КММ-ға барып, үгіт материалдарын тарату және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында штаб төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «AMANAT» партиясы еңбек адамының мәртебесі мен табысын арттыруға айрықша мән беретінін айтып, алдағы уақытта халықтың табысын арттыру, денсаулығын сақтау, өмір сапасын жақсарту, жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, тұрғын үйлер салу және жөндеу бағыттарында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

📷📷

Бұдан кейін партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысы Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінде жалғасып, партиялықтар қала тұрғындарымен жүздесті. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
159

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ - Yvision.kz