ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ
Бүгін, 2021 жылдың 8 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Мәлік Құлшар мен Жаңабек Жақсығалиев Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымымен кездесу өткізді.
Өңірдің тарихи, мәдени, рухани дамуының ұйытқысы болып жүрген аталмыш мекемелерде өткен ашық кездесулерде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін жасақталған бағдарламасына түсіндірулер беріліп, үміткерлерге ұсыныс-тілектер жолданды.
Сонымен қатар, мұражайлар мен кітапханалардың алдағы цифрлы Қазақстандағы жағдайлары туралы айтылып, инновациялық жаңғырту механизмдері жөнінде ұсыныс-пікірлер талқыланды.
Кездесу соңында, үміткерлер мәдениет саласының ұжымын 10 қаңтар күні өтетін сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үндеді.
Еске сала кетсек, үгіт-насихат жұмыстары бүгін сағат түнгі 23:00-ге дейін ғана жалғасатын болады.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
