ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СОҢҒЫ АПТАСЫНДА ШАРАЛАР БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СОҢҒЫ АПТАСЫНДА ШАРАЛАР БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Бүгін, 2021 жылдың 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы шеңберінде Орал қаласындағы Сарыарқа ықшам ауданында болды. Үміткерлер жергілікті тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға және партияға дауыс беруге шақырды.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге халықтан бірқатар сұрақ-ұсыныстар келіп түсті. Оның ішінде қоғамдық көліктер мәселесі, цифрландыруды қажет ететін азық-түлік дүкендері және коммуналдық тарифтерге қатысты сұрақтар болды.
Сарыарқа шағын ауданының тұрғыны – Жазира, өз сөзінде «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта жергілікті халық үшін қандай игі істер орындай алатынын сұрады және көпбалалы аналар мен мұғалімдер үшін қандай басымдықтар жасалмақ екендігін білді. Сонымен қатар, карантиндегі бала-бақшалар мәселелері қатысты ұсыныстар мәжіліс үміткерлеріне жеткізілді.
@nur_otan @baibekbk @jas_otan #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #tanday2021
