Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАСТАР ДА ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

Бұқараның арасынан іріктеліп, бүгінде елдегі саяси күштердің ішінде жетекші партияға айналған «Nur Otan» партиясы негізі қаланған алғашқы сәттерден бастап күні бүгінге дейін халықпен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелердің шешілуіне тікелей ықпал етіп келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы төрағалық ететін партия 10 қаңтар күні өтетін мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына қызу дайындық жүргізуде. Партияның сайлауалды бағдарламаларын жер-жерлерде үміткерлер тұрғындармен тілдесе жүріп түсіндіріп, сұрақтарына жауап беруде. «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарынан Мақтаарал ауданындағы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де қалыс қалмады. Ауданның 59 ерікті жасы өзара бірнеше топқа бөлініп, ауданға қарасты 69 елдімекендегі рұқсат етілген жерлерге үгіт-насихат парақшаларын іліп, үнпарақшалар таратуда. Тұрғындарды алдағы додада саяси тұрақты, болашаққа бағдары анық «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырған жастар үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыратын болады.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАСТАР ДА ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН - Yvision.kz