Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСУДА

Кездесуде Аграрлық несие корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Аслан Жұмашев пен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бас ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мира Балтымова сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

— Биыл 10 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарға дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес бүгінгі таңда үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, олардың толғандырған мәселелерін тыңдап жүр. Осы бағытта құтты мекен Ақтөбе қаласын одан әрі дамыту мақсатында алдағы бес жылға нақты жұмыс жоспары бекітілді. Сайлауалды бағдарламасы негізінен 7 бағыттан тұрады. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған «Экономикалық тұрақты қала», азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды көздейтін «Жайлы қала», «Әлеуметтік бағдарланған қала» секілді басқа да бағыттары бар, — деді Мира Балтымова.

Өз кезегінде Ниетжан Беріков елімізде болып жатқан саяси оқиғалар туралы өзінің ой-пікірімен, жарты ғасырдан астам қызмет бабындағы сайлау өткізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол ұстаз ретінде жоғары оқу орнының студенттеріне арналған «Жантану», «Педагогика», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» сынды басқа да 516 оқу әдістемелік құрал мен еңбектің авторы болып, қоғамдық-саяси қызмет бабында 60-қа жуық публицистикалық мақала жазғанын атап өтті.

Кездесу соңында Ниетжан Берікұлы үміткерлерге сәттілік тілеп, сайлауға қатысатынын жеткізді.

0
0
106

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz