ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Партия негізгі үш қағидаға сүйенеді: жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу, ортақ мұрат-мақсаттарға адалдық. Алдағы уақытта да осы бағытынан таймайды. 5 жылға түзген жоспары сан-салалы. Бірақ, пандемия жаһандық өзгеріс тудырды. Белгісіздік басым. Әлемдік экономика ондаған жылдарға кері кетті. Ендігі міндет - осыған дейінгі өсім үдерістерін қалпына келтіру. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезі осы мәселелерді айқындап берген болатын.📷📷📷Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Н.Ахметов, Ғ.Райымбеков Төрткүл ауыл округінің, Жайылма елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.📷📷📷«Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индексациялау үшін 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Зейнетақы жыл сайын өседі. Ол инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асады. Шәкіртақы 2 есе, магистранттар мен докторанттарға берілетін ай сайынғы төлем 1,5 есе артады. 5 жылда білім грантының саны 50 пайызға көбейеді. Мұғалімдердің айлығы екі есе, ал дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі.Ел бесігі – ауыл. Сол бесіктің тербелуіне теңдей жағдай жасалмақ. Президент 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылатынын айтты. Барлық қала мен ауыл ауыз сумен қамтылады. 250-ге жуық елді мекенге газ тартылады. Шағын қалалар мен ауылдардағы 5 мыңнан астам мектеп жаңарады. Апатты және үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу үшін 800 жаңа мектеп салынады», — десті кандидаттар.
