Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН

«Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Әрі партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылады. Бүгінде «Nur Otan» нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келе жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті өткен сайлаулардың бәрінде көпшіліктің сеніміне ие болып келеді. 10-қаңтарда өтетін сайлауда да «Nur Otan» партиясы жеңіске жетуді көздеп отыр.

Еліміздің экономикасын әрі қарай дамыту барысында халық пен биліктің бірлігі аса маңызды әрі бұл жарқын болашақ пен толайым табыстарға жетудің іргетасы. Осы орайда «Nur Otan» партиясының атқарар рөлі үлкен. Партияның сайлауалды тұғырнамасы аз уақыттың ішінде айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп отыр. Партияның атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Бағдәулет Жұмабеков, Ерімбетов Ғазиз, Асел Баймаханова Көлтоған ауылының тұрғыны, зиялы қауым өкілі Күдірбекұлы Айбаттың шаңырағында болып, Канвассинг-кездесуін өткізді. Үміткерлер шаңырақ иелеріне партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН - Yvision.kz