ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
«Әділетті Қазақстан» азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналдыру жайы күн тәртібінен қашанда түскен емес. Осыған орай «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» қағидаты басшылыққа алынып келеді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының құрамына әйелдер мен жастарға 30 пайыз квота берілді, ауыл халқы әкімдерін өздері сайлайды.
Қоғамдық штаб төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, штаб мүшесі Ғалымжан Құмарбекова тұрғындарға Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауға қатысуға шақырды.
#TOQAEV2022
