ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Арыс қалалық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штаб мүшелері Арыс қаласындағы орталық базарға барып, кәсіпкерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиын барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, маңызды тұстары бойынша көпшілікке толығырақ ақпарат берді. Кездесуге қоғамдық штаб мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Гаухар Молдашева, Гүлмира Есілбекова, Бекайдар Наршабеков қатысты. «Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын, еңбек адамдарының мәртебесі артуы тиіс. Біздің Отанымыз – бір, Мемлекетіміз – бір, Халқымыз – бір,» - деді өз сөзінде үміткердің сенімді өкілі Гүлмира Есілбекова. Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азамат біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Сондықтан, осы саяси науқанға халқымыз белсенді түрде қатысуы маңызды. #TOQAEV2022
