ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Жакупов, Мирлан Құсайнов, Саида Сейтжанова, Гүлдана Даулетова С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында Казталов ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер сайлау науқанының еліміздің болашағы үшін маңызды екенін ескеріп, «Nur Otan» партиясының осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен таныстыра отырып, алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.
