Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері өз жұмыстарын бастап кетті. Бөкей ордасы аудандық штабтың жетекшісі Исатай Құрмашев және оның мүшелері еңбек ардагері Ерболат Таңатов, аудандық мұрағат директоры, қоғам белсендісі Куаныш Елемесов, қоғам белсендісі Екатерина Жолдығалиқызы Бисен ауылында Мәдениет үйінде білім сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының өмір баяны мен еңбек жолдарын аудандық штабтың жетекшісі Исатай Құрмашев баяндап өтті. Штаб мүшелері ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 20 қарашада болатын саяси науқанға тегістей қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
123

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ - Yvision.kz