ҮГІТ - НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ.
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Аманиязова Мейрамгулдің сенімді өкілі Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиынға қатысушылар жұмыссыздық мәселесі, оффлайн оку туралы ой – пікірлерін, ұсыныстарын айтты.
Үміткерлер көтерілген мәселелер "Nur Otan" партиясының назарында болатынын , барлық мәселелер міндетті түрде шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

