Перейти к содержимому
Обложка сообщества Политика

ҮГІТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ТҮРЛІ САЛА ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

✅ҮГІТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ТҮРЛІ САЛА ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

🖇️ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ордабасы ауданында сенімді өкілдер Бадам ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Штаб мүшелері Ж.Серікбек, С.Абжалов мен О.Нұрзат кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Оның ішінде ауылдық жерлердегі инфрақұрылымдарды дамыту және оны тың жолға қою мәселесі қозғалды. Жиын соңында сенімді өкілдер ҚР Президентін сайлауға арналған саяси науқанға атсалысуға, елдің жарқын болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

🖇️Сарыағаш ауданында да ақпараттық-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қабланбек ауылында белсенді жастармен өткен кездесуге сенімді өкілдер Р.Дуйсенов, Н.Отаров пен С.Раев қатысты. Штаб мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жүргізіліп жатқан жастар саясаты, олардың өзекті мәселелерін шешу төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгіме қозғап, Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарды қолдау шараларымен таныстырды.

🖇️Ал, Шардара аудандық қоғамдық штаб мүшелері Б.Ережеп, Т.Бердібеков, Т.Сахов ардаргерлермен кездесті. Онда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, ақсақалдардың ой-пікірлері тыңдалды. Ардагерлер сайлауалды бағдарлама жан-жақты стратегиялық тұрғыда қарастырылғанын айтып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.

#TOQAEV2022

0
0
215

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ТҮРЛІ САЛА ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz