ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшесі С.Сиражев Бударин ауылдық округі аумағында орналасқан «Аманер» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.
Кездесу соңында С.Сиражев азаматтарды Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
#Toqaev2022
