Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНБЫЗ!

Онда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық Сайлауалды штаб жетекшісі Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов штабтың құрамымен таныстырып, үгіт-насихат науқанына дайындығы жайында баяндады.

«Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталады. Қазіргі таңда біздің филиалда барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды. Осыларды ескере келе үгіт-насихат науқанына Шымкент қалалық филиалы толықтай дайын», – деп атап өтті Бахадыр Мәдәліұлы.

Штаб жетекшісінің баяндамасына сәйкес, Бүгінде Шымкент қалалық сайлауалды Штаб құрамына жалпы саны 81 азамат кірген. Соның ішінде штаб апаратына 44 маман қабылданып, келісім шарт негізінде тағы 20 маман жұмысқа тартылған. Штаб құрамындағы барлық азаматтар шымкенттіктер арасында лайықты беделге және құрметке ие тұлғалар. Олар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сала және бизнес өкілдері. Айта кететіні, штабтың 20 мүшесінде бұрын сайлау науқанын өткізу бойынша тәжірибесі бар.

Сайлауалды штаб саяси, ұйымдастырушылық, баспасөз және қоғамдық қабылдау, сондай-ақ, материалды-техникалық қамту мен заңгерлік көмек бөлімдерінен тұрады.

Сонымен қатар Сайлауалды штаб жанынан Шымкент жастары арасында кең ауқымда және белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылған. Оның құрамында қалалық «Jas Otan» жастар қанатының арнайы дайындалған белсенділері және жастар сеніміне ие болған партияның жас жақтастары бар.

Республикалық сайлауалды штабтың келісімімен Шымкент қаласының желілік кестесі де бекітілген. Кестеге сәйкес партияның қалалық филиалы 679 іс – шара өткізеді. Сондай-ақ, Іс-шараларды ұйымдастыру уақытында елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріледі, осыған байланысты іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өткізу жоспарда. Ал жанды кездесулер аз топтардың арасында өтіп, барлық қауіпсіздік шаралары сақталатын болатынын айтып өтті Бахадыр Нарымбетов.

Шымкент қаласының «Nur Otan» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Выборы-2021

0
1
1430

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНБЫЗ! - Yvision.kz