ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ.
Құрметті жерлестер! Баршаңыз білесіздер биылғы жылдан бастап елімізде алғаш рет ауыл әкімдерін сайлауы енгізілді. Біздің ауданда биылғы жылы Ақоба ауылында өтпекші. 19 тамыздан бастап үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламарын таныстыру бағытында 9 күндік үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Олардың қатарында "Nur Otan" партиясынан ұсынылған Жаналиев Мақсат Нұрболұлы да бар. Сайлауға түсуші үміткер осы елдің перзенті, ауылдың тұрмыс жағдайын бір кісідей біледі қал-қадірінше елге қызмет етіп жүрген жан. Жоғары білімді, жұмыс тәжірибесі де жеткілікті. Өзінің сайлауалды бағдарламасында 4 жылға қойған мақсаттары да аз емес және уәдесін толық орындайды деп есептеймін. Ендеше, аталмыш округтердің тұрғындары 29 тамыз күні сайлау участогінен табылып, біздің кандидатқа дауыс берулеріңізді сұраймын.
Сіздің дауысыңыз бәрін шешеді.

