Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ.

Құрметті жерлестер! Баршаңыз білесіздер биылғы жылдан бастап елімізде алғаш рет ауыл әкімдерін сайлауы енгізілді. Біздің ауданда биылғы жылы Т.Масин және Саралжын ауылдарында өтпекші. Бүгіннен бастап үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламарын таныстыру бағында 9 күндік үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Олардың қатарында "Nur Otan" партиясынан ұсынылған Қитанов Меңдібай Қитанұлы мен Кереш Нарынбек Сегізбайұлы да бар. Сайлауға түсуші қос азаматта сол елдің өз перзенттері, ауылдың тұрмыс жағдайын бір кісідей білетін қал-қадірінше елге қызмет етіп жүрген жандар. Жоғары білімді, жұмыс тәжірибелері де жеткілікті. Өздерінің сайлауалды бағдарламаларында 4 жылға қойған мақсаттары да аз емес және уәдесін толық орындайды деп есептеймін. Ендеше, аталмыш округтердің тұрғындары 25 шілде күні сайлау участогінен табылып, біздің кандидаттарға дауыс берулеріңізді сұраймын.

Сіздің дауысыңыз бәрін шешеді.

Исатай Құрмашев, "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

0
0
314

Еще по теме

ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ. - Yvision.kz