ҮГІТ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Бүгін "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен таныстыру мақсатында Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Омаров Абдурашит Керізбайұлы мен Түлкібас аудандық мəслихат депутатына үміткер Өтепбай Маткеримовпен Түлкібас ауданының ауылдарын аралап, солардың ішінде Машат ауылдық округінде орналасқан ЖШС "Сабина бөбекжай-балабақшасына" ат басын бұрып, қызметкерлерімен жолықты. Партия жоспары мен бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай, халықтың өтініш-талаптарын тыңдады. Ол жерді жарық, ағын су, экология жəне зауыт мəселесі қозғалды. Сонымен қатар жиналғандар «Nur Otan» партиясына артар үміттері зор екендігін айтып, алдағы сайлауда дауыс беретіндіктерін жеткізді.
