ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР
Бүгін «NurOtan» партиясынан Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Серманизов аудандық «Кәсіпкерлік мектебінде» аудан тұрғындарымен әлеуметтік мәселелер жайлы кездесу өткерді.
–Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
–халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
–демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
–2025 жылға дейін аудандағы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 27,1%-ға дейін төмендетуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 27,1%-ға, жұмыссыздық деңгейі 4%-ға, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,2%-ға төмендейді,-деген кандидат бұдан бөлек газ тарту, ауыз су, жол жөндеу, инфрақұрылым жүргізу жөніндегі жоспарларға да тоқталды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
