Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ГАЗДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА АЛАҢДАРЫ АРҚЫЛЫ САТУҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨТУ МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНДІ

Оның айтуынша қазіргі уақытта өндірілетін СМГ көлемінің 25 % электронды сауда алаңдары арқылы сатылуда. Бұған қоса, СМГ көлемін 100 % электронды сауда алаңдары арқылы 2021 жылдың аяғына дейін өту жоспарланған. Осыған орай, СМГ газ желісі ұйымдары арқылы алу мәселесі туындамайтынын жеткізді.

Сондай-ақ брифинг барысында төмендегі мәселелер айтылды.

Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газын

жеткізу жағдайы бойынша.

​Сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі - СМГ) ішкі нарыққа беру жоспарына сәйкес желтоқсан айында Маңғыстау облысына 17748 тонна бөлінді.

«Алайда, «Атырау мұнай газ өңдеу зауыты» ЖШС-де жөндеу жұмыстары жүріп жатырғанына орай, СМГ а.ж. 17 желтоқсанына дейін тоқтап тұрған болатын. 2020 жылдың 17 желтоқсанынан бастап СМГ беріліп бастады. Бүгінгі күні, «Атырау мұнай газ өңдеу зауыты» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС арқылы 840 тонна СМГ жөнелтілді, бұған қоса бүгінні СМГ тиеп-жөнелту кестесіне (график отгрузки) сәйкес тағыда 150 тонна СМГ күтудеміз.

​2020 жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша «ҚазГӨЗ» ЖШС зауытынан 10175,645 тонна СМГ жөнелтілген, соның 7700,512 тонна электронды сауда алаңдарынан тыс, 2337,221 тоннасы электронды сауда алаңдары арқылы. Автокөліктерге газ құю станцияларында жағдай тұрақты, автокөлік кезегі байқалмайды. СМГ максималды бағасы литріне – 60 теңгені құрайды. Бұған қоса, мереке күндері СМГ нарығын тұрақтандыру мақсатында қосымша 720 тонна СМГ Маңғыстау облысына жөнелтуді жоспарлап отырмыз»,- деді Зияш Қияқбаев.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
111

Еще по теме

ГАЗДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА АЛАҢДАРЫ АРҚЫЛЫ САТУҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ӨТУ МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНДІ - Yvision.kz