"Гагарин" БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы
Бүгін «Nur Otan» партиясының Жаңақала аудандық филиалының «Гагарин» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ринат Рамазанұлы Диярдың есебі тыңдалды. «ZOOM» платформасы арқылы онлайн өткен жиналысқа бастауыш партия ұйымының мүшелері және «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының орынбасары Р.Саматов қатынасты.
Жалпы «Гагарин» бастауыш партия ұйымының құрамында 10 мекеме бар. Олар: Жаңақала ауданының білім беру бөлімі, Жаңақала МГ, Жаңақала ЖОББМ, “Бөбек” балабақшасы, ”Жауқазын” балабақшасы, “Балбөбек” балабақшасы, Мектептен тыс жұмыс орталығы, Қ.Жантілеуов ат. балалар саз мектебі, Жаңақала аудандық туризм орталығы, Аудандық мұражай. Аталған мекемелер бойынша146 партия мүшесі бар:
1. Жаңақала ауданының білім беру бөлімі – 12 2. Жаңақала МГ – 44 3. Жаңақала ЖОББМ – 38 4. “Бөбек” балабақшасы – 8 5.”Жауқазын” балабақшасы – 8 6. “Балбөбек” балабақшасы – 12 7. Мектептен тыс жұмыс орталығы – 5 8. Қ.Жантілеуов ат. балалар саз мектебі – 12 9. Жаңақала аудандық туризм орталығы – 5 10.Аудандық мұражай – 2
«Гагарин» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ринат Рамазанұлы партияның 4 бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды атап, есеп бере келе, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен де бөлісті.
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының орынбасары Рухолла Аманғалиұлы «Гагарин» бастауыш партия ұйымының төрағасының атқарған жұмысы мен есебіне оң баға беріп, келесі кезеңге жұмысын жалғастыруды ұсынды. Партия мүшелерінің дауысымен «Гагарин» бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.Дияр аталған бастауыш партия ұйымына төрағалық қызметін жалғастыру шешілді.
