ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Вице-министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №504 «COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша пациенттерге стационарлық медициналық көмекті ұйымдастыру туралы» бұйырған орындау үшін, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының 07.10.2020 ж. №176-1 бұйрығы негізінде облыстық стационардың төсек қоры 500 төсек-орны, оның ішінде 75 реанимациялық төсек-орны болып белгіленіп, штат кестесі бекітілді. -Қазіргі таңда COVID-19 бойынша инфекциялық стационар болып белгіленгеннен кейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкеске келтіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына пандемия кезінде провизорлық стационарда бұрын істеген қаланың медициналық мекемелерінің медицина мамандарын мүмкіндігінше жіберу туралы хат жолданды. Инфекциялық стационар ашу және инфекционист дәрігірдермен қамтамасыз ету үшін фтизиопульмонология орталығының 9 дәрігері М.Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінде «Жұқпалы аурулар» циклы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп жатыр. COVID-19 короновирустық инфекциясы мен пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге тартылатын медицина қызметкерлерінің тізімі Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Ақтөбе облыстық филиалына ресурстарды басқару жүйесіне енгізу үшін берілді.
-Хирургия корпусына ағымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Реанимация бөлімшесіне 79 функционалдық керует алынып, қойылды. 49 дана өкпені жасанды желдету сатып алынды. Сонымен қатар, орталықтың зертхана мен рентген бөлімшелеріне диагностикалық рентгенаппараты, гематологиялық, биохимиялық анализаторлар, «Бобров» аппаратары, пульсоксиметрлер, инфузомат, перфузор, мен 73 оттегі концентраторы, жеке қорғаныш заттар, бетперделер және қосымша УДЗ аппараты, компьютерлік топография алынды. Хирургия және терапия корпустарында орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету жүйесі жүргізілуде.Орталықтың қызметкерлері арасында пандемия кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес арнаулы аяқ-киім мен киім кию, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, бөлмелерді дезинфекциялау және уақытылы желдету, жұмыс алдында медицина қызметкерлерін тексерістен өткізу бойынша семинарлар өткізіліп, кейін сертификаттар берілді, деді Ерлан Татимов.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.10.2020ж. №57 қаулысына сәйкес дәріхана қоймасы дәрілік заттардың 37 атауы бойынша 2 айлық қорды ескере отырып, дәрі-дәрмектердің толық көлемде қорымен қамтамассыз етілген.

