Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

"AMANAT "партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы фракция отырысы өтті. Фракция отырысын "AMANAT "партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев жүргізді. Фракция отырысына "AMANAT "партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Даумов, орынбасары М.Аққалиев, фракция депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Отырыста "Өзгерістер жолы:әр азаматқа лайықты өмір!"атты сайлауалды бағдарламаның Жол картасы 2022жылдың І тоқсанына орындалуы ,2021 жылы орындалмаған көрсеткіштер туралы Н.Даумов баяндады. "AMANAT "партиясының аудандық филиалының жаңадан құрылған қоғамдық кеңестерінің құрамы,жылдық жоспар,депутаттардың рейтингісі туралы И.Құрмашев ақпарат берді. Жол картасы бойынша орындалмай тұрған жұмыстар үлкен қаржы талап етеді,алдағы уақытта сұраныстарымыз бойынша қаржы беріледі деп үміттенеміз. Барлық жұмыстар тұрғындар сұранысы бойынша жоспарланған еді. Қатысушылар өз ұсыныс,пікірлерін ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.

0
0
207

Еще по теме

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz