Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Бүгін "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалының фракция жетекшісі А.Нысанбаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Фракция жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, партия Фракциясының мүшелері, «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ орман шаруашылығы инженері М.Мұхтар, аудандық бөлім басшылары (тізім бойынша) онлайн және офлайн түрде қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Ақжайық ауданының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы бойынша іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалмау қауіпі бар тармақтары және Жол картасының іске асырылу барысын талқылау. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақжайық аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Ғизатовтың Жол картасының орындалмау қауіпі бар тармақтары бойынша баяндамасы тыңдалды. Фракция отырысының күн тәртібіндегі мәселелері толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

0
0
163

Еще по теме

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz