«Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалы фракциясының отырысы болып, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысқан отырыс ZOOM платформасы арқылы бейне байланыс арқылы ұйымдастырылып, оған партияның Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Көмекбай Қуантайұлы Бектұрғанов төрағалық етті.
Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Мұғалжар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасы талқыланды. Сайлауалды бағдарламада осы бағыттағы жұмыстардың орындалуы нақты көрсетілген. Сол себепті де Жол картасы бойынша әр салаға депутаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.
0