Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Созақ аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция отырысына аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Әлжанов Ролан Ізбасарұлы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Фракция мәжілісіне аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы және аудандық мәслихат хатшысы Байғараев Бегімбет Биімбетұлы қатысты.

Жиынның күн тәртібінде: "Nur Otan" партиясы Түркістан облысының Созақ ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылау туралы мәселе қаралды.

Жиында қаралған мәселеге фракция мүшелерінің дауыс беруі арқылы шешім қабылданды. Р.І.Әлжанов жаңадан сайланған мәслихат депуттарына бірлесіп жұмыс жасауға, сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға шақырды.

0
0
166

Еще по теме

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz