ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін,«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлының қатысуымен "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.«Nur Otan» партиясы Райымбек ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау.
2. Райымбек аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекіту болды. Отырысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Арипова Гүлнара Рауанқызы ашып, жүргізді. Күн тәртібіне ұсынылған мәселер толығымен қаралып, «Nur Otan» партиясы Райымбек ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» бекіту туралы аудандық Саяси кеңес Бюросына ұсыныс жолданды.
Өткзілген шараға Райымбек аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партия филиалының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жол картада жоспарланған іс-шаралар кезең- кезеңмен жүзеге асырылатын болады және де атқарылған жұмыстарға тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Жоспарланған жұмыстарды қадағалау мақсатында әр аудандық мәслихат депутаты жауапты болып бекітілді. Яғни, Жол картада жоспарланған әрбір іс-шара аудандық фракция мүшелерінің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан, әрбір депутат өзіне жүктелген міндеттемелер бойынша тоқсан сайын депутаттық фракцияның алдында есеп береді. Өткізілген жиналыс аясында барлық негізделген міндетті өз ретінше жоспарланып, алдағы уақытта сол аталған міндеттер жөнінде жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі толығымен қарастырылатын болды.