kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін, "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Рахымжановтың төрағалығымен фракция отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Аққалиев аудандық сайлауалды бағдарламасының іске асыру іс - шаралар жоспары туралы баяндады.

Сонымен қоса, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленіп, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекітуге жолданды.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша фракция төрағасы И.Құрмашев Бөкей ордасы аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, жоспар филиалдың Саяси Кеңес Бюросына ұсынылды.