Фракция отырысы
Фракция жетекшісі Т.Даргужиевтың төрағалығымен онлайн және оффлайн режимінде кезекті фракция отырысы өтті. Отырысқа фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың бағыттары бойынша ауданда атқарылып жатырған жұмыстар туралы бекітілген аудандық мәслихат депутаттарының есептері және Сырым аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының 1 жартыжылдыққа атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Отырыс барысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасындағы көрсеткіштеріне жауапты депутаттарға тапсырмалар берілді.

