Фракция отырысы
Бүгін онлайн режимінде фракция жетекшісі Т.Даргужиевтың төрағалығымен кезекті фракция отырысы өтті. Отырысқа мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева және фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Сырым ауданы бойынша "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасының "Әлеуметтік бағытталған аудан" және "Экономикалық тұрақты аудан" бағыттары бойынша аудандық аурухана мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламалары тыңдалды.
