kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

Фракция отырысы

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Т.Турегалиевтың төрағалығымен фракция отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс - шаралар жоспары - Жол картасын талқыланып, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленіп, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекітуге жолданды.

Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: - "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс" - деген болатын. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін депутаттарға үлкен жүк артылып отыр. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сырым аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынылды.