Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ФИЛИАЛ БАСШЫЛАРЫ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ.

ФИЛИАЛ БАСШЫЛАРЫ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев пен партия ардагері Әбдіманап Байдуллаев, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Алладин Мырзаханов Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «COTTON» мақта зауытында жергілікті шаруалармен, зауыт қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Мақсат – аграрлы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдауларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қабылданған бағдарламадан құлағдар ету болатын.

«Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын ауданда да аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Өнім көлемі артып, суармалы жердің игерілуі, каналдардың тазалануы, зәулім ғимараттар мен заманауи мектептердің бой көтеруі – бәрі де ел үшін жасалып жатқан игіліктер» деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Кездесу соңында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасы берген шаруалар көкейлеріндегі сұрақтарын қойысып, жауаптарын алысты.

0
0
134

Еще по теме

ФИЛИАЛ БАСШЫЛАРЫ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ. - Yvision.kz