ФАХРИДДИН ҚАРАТАЕВ ТҰРҒЫНДАРМЕН САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗДІ
Кездесу барысында тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын алды. Айта кетейік, аумақта ауыз су мәселесі, көшелерді жарықтандыру мәселелері толық шешілген, балалар ойын алаңшасы салынған. Ендігі кезекте аулаларды жарықтандыру, балалар қауіпсіздігі үшін жасанды жол кедергілерін салу мәселелері кезек күтуде. Тұрғындарды толғандырған ең басты мәселе бұл көпқабатты үйлердің тозған шатырларын жөндеу, бұл жайлы аумақтың төбе биі Талиба Бурковецкая айтып өтті. Сондай-ақ бұл жерде пәтер жалдап тұратын мүгедек балаларды өсіріп отқан жалғыз басты аналар бар. Сол кісілер тұрғын үй мәселелері жайлы сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Фахриддин Абдунабиұлы бұл мәселердің міндетті түрде қаралатынын жеткізді. Кездесу соңыңда тұрғындар атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта өз мәселелерінің шешілетініне сенім білдірді.
