Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#fACEBOOKҒҰМЫР 1

Маған енді Фейсбук желісінде ешқашан "лүпіл" (лайк) баспайтын адамдар жайлы...
Жағымпаздық туралы аузымыз көпіріп, өткеннен бері көп айттық. Хмм... Алысқа барудың қажеті қанша?! Әлеуметтік желідегі өзіміздің көз танып қалған достарымыз да дәл сондай жағымпаздықты жақсы көреді. Сен оларға ескерткіш соқпай-ақ қой, жай ғана жазбасының астына, уралап, атойлап "Сенікі дұрыс! Жарайсың! Дәл солай" десең болды, даңғаза кейіпке енбек.
Ал сәл сын айта қалсаң, оның ойымен келіспесең, болды, сені танымайды. Енді қанша жерден өліп-тірілсең де, олар сенің жазбаңа лайк баспайды. Тіпті одан қалды әріде бандап, блокқа салып тастаса да таңдана қоймаспын. Сенің ойыңмен келісіп тұрса да, көрмей өте шығатын әдет қалыптастырады.
Мен адамды ұзақ зерттеймін. Кейде әдейлеп, бірдеңке деп қаламын. Ондайда іші қуыс адам өзін өзі ұстап береді. Сол кезде ол мың жерден "популярный" болсын, өзімді одан алыс ұстауға тырысамын. Лүпілін басам, бірақ разведкаға бірге бармаймын.

06.12.2016

0
0
714

Еще по теме

#fACEBOOKҒҰМЫР 1 - Yvision.kz