ФҚҚ басшысы «Крокустағы» лаңкестік әрекетке қатысты 11 адам ұсталғанын хабарлады
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Алексей Бортников Путинге «Крокус Сити Холл» оқиғасына қатысты 11 адамның ұсталғанын мәлім етті. Оның төртеуі концерт залындағы лаңкестік әрекетке тікелей қатысқан көрінеді.
«Крокуста» оқ жаудырғандардың бәрі Тәжікстан азаматтары екені айтылуда.