Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Евразия институты

2015 жылдың 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бастыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Евразия институтында оқытушыларымен және «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында БҚО-дағы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирбулат Нұртазин «Мемлекеттік қызмет реформасы және сыбайластық жемқорлықтың алдын алу» атты лекция оқыды.

Лекция үш тіл бірлігі принципымен жүргізілді. Автор лекцияны ағылшын тілінде оқып, сылайттар арқылы қазақша және орыс тілдерінде лекцияның тезистері бірге көрсетіліп отырды. Лекцияда мемлекеттік қызмет реформасының барысы, сыбайластыққа қарсы әрекеттердің бүгінгі жаңа талаптары, оған қарсы мәдениет және қоғамда «нөлдік төзбеушілік» атмосфера қалыптастыру мәселелрі, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның» негізгі бағыттары мен мақсаттары қамтылды.

Кездесу соңында тыңдаушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Айта кететіні Евразия институтында осындай кездесу традицияға айналды деуге болады, өйткені институт әкімшілігі социология ғылымдарының кандидаты М.Нұртазинді жыл сайын оқу жылының соңында оқытушылармен және «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кезесуге шақырып жүр.

 

 
0
0
476

Еще по теме

Евразия институты - Yvision.kz