Евразия
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті БҚО білім басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында 2015 жылдың 29 маусымында «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынанан демалуға келген балаларының қатысуымен Астана күніне орай іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Департаменттің қызметкерлері лагерь аймағында «Астанам, саған арнаймын!» атты патриоттық әндер байқауын; «Сыйлықтар және оның түрлері» тақырыбындағы дәрісті; «Мен және менің Астанам» тақырыбында сурет салу байқауы; ұлттық асық ойындарынан мастер- класс («Ханталапай», «Омпы», «Үштабан», «Бәйге», «Көтеріспек» («Атпақыл»), «Иірмекіл»), ойын-тренингімен «Қазақстан Республикасы туралы мен не білемін» пресс-конференция ұйымдастырылды.
Шара соңында жеңімпаздармен жүлдегерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

