Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Это еще не конец, оказывается.

АРСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ

Қазақ Ұлттық Кеңесінің мәлімдемесі

Қазақ халқы барлық уақытта өзінің бауырмал ниетін басқа ұлттар мен ұлыстарға көрсетіп келеді. Осыған қарамастан соңғы уақыттарда  қазақтардың ұлттық намысын таптау, БАҚ беттерінде, интернет желілерінде кемсіту, халқымыз туралы теріс пікір қалыптастыратын  ақпараттар тарату орын алуда. Соңғы кездердері ұлтымызға топырақ шашуды дағдыға айналдырғандар  Мұрат Телібеков дейтіннің «Ветер с улицы» деген кітабының үзінділерін, қазақтардың намысына  тиіп, ар – ожданына кір келтіру үшін, ақпарат құралдары беттерінде белсенді түрде таратып жатыр. Нарымбаев Ермек сияқты өздерін ұлт патриоттары  санайтын азаматтар, Телібековтың кітапсымағын әлеуметтік желілерде жариялап, халқымызды масқаралау үстінде.

Ұлтымыз туралы ойына келген былапыт сөздер айтып, қазақтың тарихына топырақ шашқан, Телібеков пен оның  айтқандарын күллі әлемге таратып жатқандар ұлт араздығын тудырушылар ретінде өз істеріне жауап беруі керек. Мұның барлығын қазақ ұлтына қарсы әдейі жасалған қастандық, ұлттың арасында арандатушылық тудыру деп есептейміз.

Әлемдегі саяси - экономикалық ахуал күрделеніп, қарулы қақтығыстар орын алып жатқан кезде мемлекет құраушы қазақ ұлтын кемсітіп, қорлау, ұлттық намысымызға тию, мемлекеттің тыныштығына нұқсан келтіру деп білеміз.

Біздер, Қазақ Ұлттық Кеңесінің мүшелері , ұлтымызды қорлауға, Қазақ халқын кемсітуге, еліміздегі  татулықты бұзуға,  Отанымыздың шаңырағын шайқалтуға ешкімге жол бермейміз.

Осыған байланысты, құқық қорғау органдарынан масқара кітап жазған Телібеков Мұратты және әлеуметтік желілерде осыны таратып, халқымыздың ар-ожданына кір келтіріп жүрген  Нарымбаев Ермек сияқтыларды жауапкершілікке тартуды сұраймыз.

   

12-қазан, 2015 жыл

 
0
0
383

Еще по теме