"ЭТНО-МӘДЕНИ" ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
19.11.2020 жылы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлының төрағалығымен тікелей эфирде аудандық этно-мәдени орталықтарының төрағалары мен оның мүшелері арасында халықаралық келісім мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Абилов Жұмабек Жолшыұлы – Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы аудан тұрғындарын ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, бірлікке, достық ара-қатынасты сақтауға шақырды. Елбасының Қазақстан халқына жасаған жақсылықтары мен жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ата-бабаларыңыздың ұрпақ үшін соғысып, елімізді, жерімізді сақтап қалғандары үшін алғысын білдірді. Одан бөлек Киреева Елена Александровна – Славян этно-орталының төрайымы біз киелі Қазақстан елінде өмір сүріп келеміз. Бұл біздің жалғыз Отанымыз. ҚР Тұңғыш Президентінің арқасында әр түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Бізде барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас сақталған. Қазіргі таңда славян халқының біразы мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатындығын жеткізді. Сонау соғыс жылдарында көптеген өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне жер аударылып, сол қиын қыстау кезде Қазақ халқы қол ұшын беріп, бауырына басып, көптеген көмектер көрсетті. Демеу беріп, қолдау көрсеткендерге қоныс аударған ұлт өкілдері алғысын білдіруде. Соның арқасында Қазақ елі бүгінде көп ұлтты мемлекетке айналды. Бүгінде аспанында көк туы желбіреген егемен елімізде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, туған тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеді. Жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, ел болып қалыптастыруда Елбасымыздың еңбегі ерен. Бұны біз мойындауымыз керек-деп, қазақ халқының кең-дархан пейілдерінің ашықтығына, сондай-ақ қиын қыстау заманда қолтығына астына демеу болған қазақ жұртшылығына үлкен алғыс білдірді.
