ЭТИКА КОДЕКСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жиында "Nur otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партияның этикалық Кодексінің сақталуы жайында әңгімеледі.
«Nur otan» партиясы мүшелерінің жүріс-тұрыс эталондарын бекітуге арналған құжат мемлекет басшысы ұстанған саясатты жүргізу шеңберінде заңды қадірлеу, еліміздің патриоты болу, қатаң тәртіп пен қарапайым әдептен аспау секілді оң әрекеттерді қарастырады. Сондай-ақ, партияның Этика Кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы да көрініс табады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 35 мыңнан астам партиясы мүшесі бар. Олар 47 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.
